Қаржы мониториң агенттігі Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа дерек жариялады

1150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-14-at-16.37.20-960x500.jpeg?token=15e2404040acbddde147b375358e02b3
Ақша жымқырды" деген күдікке ілініп, қазір қамауда отырған кәсіпкер, блогер, Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты жаңа дерек жарияланды. Бұл туралы Қаржы мониториң агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақпаратқа сәйкес, ол Ақмола облысында оңалту орталығын салу үшін қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Осылайша, 2021 жылы 48 млн теңге жинаған. Бірақ аукционнан «22 млн теңге ғана түсті» деп көрсеткен. Ол қалған ақшаны жеке қажетіне жаратқан көрінеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Ең қызығы — орталықтың құрылысы басталмаған. Бірақ ғимарат құжатта «берілді» деп көрсетілген.  
评论
其他材料