АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс алдында сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден хат алғанын және оның келіссөздерге мүмкіндігінше тез отыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Бүгін мен Зеленскийден маңызды хат алдым.Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндігінше тез келіссөздер үстеліне отыруға дайын", – деді АҚШ президенті Капитолийде сөйлеген сөзінде.
Украинадағы қақтығыс туралы айта келе, Трамп "бұл ақылсыздықты тоқтататын уақыт келді, екі тараппен де диалог жүргізу керек" деп атап өтті.
Ол украин қақтығысын аяқтау үшін табанды түрде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Трамп Ресей тарапынан да Украина бойынша бейбіт келіссөздерге дайын екені туралы "күшті сигналдар" алғанын жеткізді.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз