14 наурызда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді

930
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-16-at-17.25.56-960x500.jpeg?token=e6faa102f9a7df84aa68748bfa8aa86c
14 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында ақпарат жариялады. Құрылтай барысында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, қатысушылар өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар ортаға салынбақ. "Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын білдіреді", – делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы үш отырысы Ұлытау, Түркістан және Атырау қалаларында өткен болатын.
评论
其他材料