Бестөбе шахтасында тағы да бір кенші қаза тапты

1109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/img_6866-960x500.jpeg?token=4c6bb18bc0e95545f9986a672a0f9bcd

Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішінде тау массасы опырылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тағы 2 жұмысшы Степногорск ауруханасына жеткізілген. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқыс жағдай 19 наурызда болған.

«Бестөбе» кенішіндегі «Западная» шахтасында жұмысшының өліміне қатысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,—деп түсіндірді облыстық ПД.

Кеншілер 700 метр тереңдікте ағаш бекіткішті орнату кезінде тау жынысы құлаған. Қазіргі таңда жазатайым жағдайдың себептерін анықтау үшін өңірдің еңбек инспекциясы мамандарынан арнайы комиссия құрылды.

Айта кетейік, «Бестөбе» кен орны «Қазақалтын» ЖШС-ға тиесілі, ол өз кезегінде «АК Алтыналмас» АҚ-ның еншілес компаниясы. Қазақстандағы ірі алтын өндіруші компаниялардың бірі болып саналатын бұл кәсіпорынның 67,5% акциясы Gouden Reserves B.V.-ге, ал 22,5% акциясы миллионер Владимир Жұманбаевқа тиесілі.

评论
其他材料