Тоқаев Александр Машкевичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

843
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/057ac788-da74-4cc4-aba8-a22bcfa15294-960x500.jpeg?token=5204ecaafeddae138c1b0a159be478ae

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында жазды.

Президент жеделхатта Александр Машкевичтің Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өткен.

Еске сала кетейік, Eurasian Resources Group (ERG) және "Еуразиялық қаржы компаниясының" ірі акционері Александр Машкевичтің қайтыс болғанын жазған едік. 

评论
其他材料