Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

1288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/dollar-1-960x500.jpg?token=bd17562268903a1e5e80dc5fc26bdb13
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 518 – 522 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы бойынша бір доллар — 520,48 теңге, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Kurs.kz платформасының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — 519 теңге, ал сату бағамы — 522 теңге шамасында. Еуроның бағасы 571–577 теңге аралығында өзгеріп тұр. Астанадағы жағдай да ұқсас: доллар 518 теңгеден сатып алынып, 522 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы — 569 теңге, сату бағамы — 575 теңге. Ал Ресей рублі қазіргі таңда 5,93 – 6,05 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің 10 сәуірге белгілеген ресми рубль бағамы — 6,06 теңге, ал еуро — 574,61 теңге. Айта кетейік, 9 сәуір күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,98 теңгеге қымбаттап, 520,48 теңгеге жеткен болатын.    
评论
其他材料