Домбыраның 20-дан астам түрлері бар

5837
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2015/10/86552efec73fa08c3cb28be896596792.jpg
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң көркемсурет факульте­тiнiң сәндiк қолөнер кафедрасының профессоры Жолаушы Тұрдықұлов былай дейдi:
– Қазiргi күнi  домбыраның 20-дан астам түрлерi бар. Олардың iшiнде  – ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты (екi нұсқасы), балдырған, балашық, шiңкiлдек, аша, үш iшектi, қуыс мойын, шертер, оркестр домбыралары: қоңыр дауысты (альт), жiңiшке дауысты (прима), ащы дауысты (секунда) бас домбыралар (екi нұсқасы) бар.
ҚР мәдениет қайраткерi Ж. Тұрдығұловтың  айтуынша,   домбыра жасаудың қыр-сыры – ғасырлар бойында атадан балаға, ұстаздан шәкiртке берiлiп келе жатқан тiрi дәстүр. Ол еш­қандай ғасырдың ағымына қарай ешқандай экологиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық қиындыққа ұшырамауы керек. Халықтық қолөнер – халықтың жан дүниесiнен пайда болған көркем ойлар әлемi.

Нұрлан Наурызәлі.
评论