Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды

5965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8325-1-960x500.jpeg?token=2b1c4ba831523512e5b25693b634a4c4

Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан ірі халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдеге ие болды. Бұл туралы 21 сәуірде Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сәкен Бибосынов (54 келіге дейін) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) турнир жеңімпазы атанса, Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін) күміс медаль иеленді. Ал Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 келіге дейін) және Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

评论