ҰҚК сырбар қызметі басшысы орынбасарының мәйіті табылды

1133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/a415a265-aad0-4532-a5d0-ca0b2c651738-960x500.jpeg?token=1fc22741556e7189d4f30bb908688116

Астанадағы  тұрғын үй ауласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна”.

«21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды», - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Кейбір бейресми мәліметке қарағанда марқұм Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

评论
其他材料