Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

1108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/photo-output-27-960x500.jpeg?token=23dd42bed796545d74cba807b6683030

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге 15 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша жүргізіліп жатыр:

  • ҚК 24-бабының 3-бөлігі — қылмысқа (әрекет не әрекетсіздік) оқталу, яғни қылмыс пысықталып, іске асырылмақ болғанымен, өзге жағдайлар бойынша аяқталмаған;
  • ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы — басқа тұлғалардың өміріне қауіпті әдіспен кісі өлтіруге оқталу.

Осы баптар бойынша санкция ретінде 15–20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына қамау көзделген.

评论
其他材料