Ресейдің астанасы Мәскеуде болатын Жеңіс парадына 29 елдің көшбасшысы барады. Олардың үшеуі – Қытай, Венесуэла және Вьетнам басшылары – ресми сапармен бармақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Владимир Путин 7-10 мамыр аралығында 15-тен астам екіжақты кездесу өткізеді. Бұл туралы журналистерге президенттің көмекшісі Юрий Ушаков брифингте мәлімдеді, деп жазады «Ведомости».
Ушаковтың айтуынша, Жеңіс парадына Ресей шақырған 29 елдің
басшысы қатысады. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Абхазия, Босния және Герцеговина, Бразилия, Буркина-Фасо, Венесуэла, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Египет, Зимбабве, Қытай Халық Республикасы, Конго, Куба, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Палестина, Сербия, Словакия, Экваторлық Гвинея, Эфиопия бар. Бұдан бөлек, Үндістан, Никарагуа және Оңтүстік Африка Республикасы жоғары деңгейде өкілдік етеді.