Трамп Зеленскийдің 30 күндік атысты тоқтату жоспарын қолдады

2123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/tramp-960x500.jpg?token=cb86032a8aa6f614ff34fce0fb21c181

АҚШ президенті Дональд Трамп Кремльге украиналық көшбасшы Владимир Зеленский ұсынған 30 күндік атысты тоқтату жоспарын қолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW сайтына сілтеп.

"Егер атысты тоқтату сақталмаса, АҚШ пен оның серіктестері қосымша санкциялар енгізеді", — деп жазды Трамп 8 мамыр күні Truth Social платформасында.

"АҚШ және еуропалықтармен бірге Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнатуға ұмтыламын және бұл берік бейбітшілік болады! Бұл атысты тоқтату ақыры бейбіт келісімге әкелуі керек", — деді Ақ үй басшысы.

7 мамыр кешінде, Кремль жариялаған үш күндік атысты тоқтатудың күшіне енуіне бірнеше сағат қалғанда, Украина президенті Владимир Зеленский барлық әскери әрекеттерді кемінде 30 күнге тоқтатуды ұсынды. Ресей бұл ұсынысқа жауап бермеді. Путин жариялаған атысты тоқтату Жеңіс күніне орай енгізіліп, 11 мамыр күні түнгі 00:00-де аяқталады.

Мамыр айының басында Bloomberg агенттігі Трамп әкімшілігі Ресейге экономикалық қысымды күшейтуге арналған бірнеше нұсқаны дайындағанын хабарлады. Бұл шешім Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға асықпағанына байланысты қабылданған.

Бұл нұсқалардың нақты мазмұны белгісіз. Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Трамп әзірге шешім қабылдаған жоқ, өйткені бұл соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық келісімдер жалғасып жатыр. Қандай шешім болса да, соңғы сөз АҚШ президентінде болмақ.

评论