Украинаның басты еуропалық одақтастары – Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Польша премьер-министрі Дональд Туск 10 мамыр күні Киевке ресми сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBС-ке сілтеп.
Киевке бағыт алғанын растай отырып, Макрон әлеуметтік желіде төрт ел көшбасшысының бірлескен суретін жариялап, оған француз, ағылшын, неміс және поляк тілдерінде жазған.
«Біз Киевке жолға шықтық. Украина үшін, Еуропа үшін», - деп жазба қалдырды.
Сапар аясында төрттік Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізіп, Ресей тарапын атысты 30 күнге толық әрі сөзсіз тоқтатуға шақырмақ.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп та Зеленскиймен сөйлескен соң, 8 мамырда Ресейді атысты тоқтатуға ресми түрде шақырған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, егер Ресей бұл ұсыныстан бас тартса, Батыс елдері тарапынан жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін.
Германияның жаңа канцлері Фридрих Мерц те келісімнің жақын күндері қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеген.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз