Қаза тапқандар бар. Лас-Вегаста атыс болды

945
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_1494-960x500.jpeg?token=9ffc42869d2c00ac9ed450475deb35b8
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында спортзал маңында атыс болып, екі адам қаза тапты. Құрбандардың бірі – шабуыл жасаған күдікті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kazinform-ға сілтеп. Оқиға 17 мамырда болған. Кемінде үш адам жарақат алды. Полиция өкілдері жараланған азаматты спортзал кіреберісінен тапқан. Лас-Вегас полициясы капитаны Эсмеральда Боведаның мәлімдеуінше, күдікті оқиға орнынан қашпақ болған, бірақ тәртіп сақшылары оны ескерту оғы арқылы тоқтатқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
评论
其他材料