Қазақстандағы «Түркі жазуы» күні

1074
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-04-at-18.47.07-960x500.jpeg?token=14b845f42dcba4a7ceda618a420fa803
Бүгін Қазақстандағы «Түркі жазуы» күні. 

Бұл күн 2014 жылы ҚР Парламентінің шешімімен «Түркі жазуы күні» ретінде жарияланып, Үкіметтің қаулысымен бекітілген.

18 мамырдың таңдалуы кездейсоқ емес – дәл осы күні ежелгі түркі сөздері жазылған Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Моңғолия даласынан Астанаға әкелінген болатын.

Көне түркі жазуы — руна немесе сына жазуы деп аталады. Бұл жазу түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасының алтын қазығы саналады.

Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар Солтүстік Моңғолияда орналасқан және олар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк сияқты тарихи тұлғаларға арналған.

Ертедегі түрік жазуы алғаш рет XVIII ғасырдың 20-жылдары орыс патшасы І Петрге қызмет еткен неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оның жанындағы швед офицері И.Страленберг арқылы Енисей аңғарынан табылды. Олар бұл жазуды Скандинавия руналарына ұқсастырып, «руналық жазу» деп атады.

1889 жылы Н.М.Ядринцев Орхон өзенінің аңғарынан ірі құлпытастардағы жазуларды тапты. Бұл — түркітану ғылымындағы үлкен жаңалық болды.

Көне түркі мәтіндерін алғаш оқып, шешімін тапқан – дат ғалымы В.Томсен, ал оны түркі тілінде алғаш оқыған – орыс түркологы В.Радлов болды.

评论