Ираннның рухани жетекшісі АҚШ-пен жүргізілетін келіссөздердің сәтті болатынына күмән келтірді

1170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-32-960x500.jpeg?token=33a9cc94a97e7095c7b6b5583e0032f4

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижелілігіне күмән келтіріп, Тегеранға «уранды байыту үшін ешкімнің рұқсаты қажет емес» екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол бұрынғы президент Ибрахим Раисиді еске алу рәсімінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Экс-басшы АҚШ-пен тікелей келіссөздер жүргізілмейтінін анық айтты. Әрине, Раисидің билігі кезінде жанама келіссөздер болды, бірақ ешқандай нәтижені көрмедік. Біз әлі де өзара келісім нәтиже беретініне сенбейміз және не боларын білмейміз», – деді Иранның рухани жетекшісі.

Айта кетейік, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімге келу мүмкіндігі жақын қалғанын мәлімдеген еді.

评论