Қытай «Лицзянь-1 Y7» зымыран-тасығышын ұшырды

1090
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9355-960x500.jpeg?token=9d5d6f75c1c25db1dcc29733b3651451

21 мамырда Қытай алты жерсерігі бар «Лицзянь-1 Y7» зымыран-тасығышын ұшырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Зымыран-тасығыш Бейжің уақытымен 12:05-те (Астана уақытымен 09:05 — ред.) Қытайдың солтүстік-батысындағы коммерциялық аэроғарыштық инновациялар пилоттық аймағынан ұшырылып, жерсеріктер тобын белгіленген орбиталарға шығарды.

Айта кетейік, бұл ұшыру — «Лицзянь-1» сериялы зымыран-тасығыштарының жетінші ұшу миссиясы.

评论