Астанада 2024–2025 жылғы баскетбол маусымының үздік ойыншылары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері QBF AWARDS 2025 марапатына ие болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
“Үздік әлеуметтік жоба” номинациясы Halyk Bank-тің қолдауымен жүзеге асырылған “Халық лигасына” бұйырды. Аталған банк бұл жобаны 2005 жылдан бері қаржыландырып келеді. Осы уақыт аралығында жоба аясында балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін 4 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілген.
“Halyk Bank жыл сайын Баскетбол федерациясымен бірлесіп балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өмірде өз жолын табуға көмектеседі. Еліміздің әр өңірінен 18 балалар үйінде баскетбол командалары құрылды. Біздің демеушілігімізбен олар толықтай киім-кешек, спорттық аяқ киім мен кәсіби жаттықтырушылардан сабақ алады", - деді Halyk Bank-тың Астанадағы филиалының директоры Жанар Рахимова.
Жоба аясында 4 мыңнан астам бала баскетбол ойнауды үйренді. Нәтижесінде үш спорт шебері тәрбиеленіп шықса, 60-тан астам бала баскетболдан спорт шеберлігіне үміткер атанды.
"Жүздеген бала спортты мамандығы етіп таңдап отыр. Біреуі жаттықтырушы, біреуі төреші, енді бірі ойыншы болып жүр. Ал кейбірі жай ғана өзіне сенімді болуды үйреніп, өмірден өз жолын тапты. Биыл Халық лигасына тағы бір балалар үйі, 18-болып қосылды. Сонымен қазір 18 ерлер мен тоғыз әйелдер командасы құрылды. Өткен жылы 16 ерлер мен сегіз әйелдер командасы болған еді. Жыл сайын қатысушы балалар үйлері мен қатысушылар саны артып келеді", - деді Жанар Рахимова.
Жүлдегерлерді ұлттық және жоғары лига клубтарының ойыншылары мен жаттықтырушылары, өңірлік федерация басшылары, сондай-ақ Спорт және туризм министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері марапаттады. Марапаттар кәсіби, жастар, әуесқой, 3x3 және инклюзивті баскетбол секілді санаттарды қамтитын 25 номинация бойынша табысталды.
Halyk Bank қолдауымен 2025 жылы Атырау, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Петропавл, Павлодар, Семей, Ақкөл, Екібастұз, Қарағанды, Алматы, Рудный, Қызылорда, Шымкент, Орал, Тараз және Жезқазған қалаларындағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттарынан 400-ден астам бала баскетболмен айналыса бастады.
Halyk әлеуметтік жобаға көп көңіл бөледі. Өйткені біз спорт тек физикалық дамуға ғана емес, сонымен қатар мінезді, сенімділікті қалыптастырып, жобаға қатысушылардың жарқын болашаққа нық қадам басуына көмектесетініне сенеміз", – деп атап өтті жоба кураторы Ольга Вурос.
"Халық лигасы" аясында жыл сайын “Үміт кубогы” атты чемпионат өтеді. Мұнда қатысушылар жаттығу кезінде үйренгендерінің бәрін ортаға салады. Биыл “Үміт кубогына” еліміздің 18 аймағынан 320-дан астам ойыншы келеді. Өткен жылы 16 аймақ, 288 қатысушы болған. Чемпионат Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.
QBF AWARDS шарасын ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда баскетбол жай ғана спорт емес, одан да үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл өзіндік мінез қалыптастырып, ұрпақтарды біріктіретін және түрлі аймақтар мен елдер арасындағы мәдениетті жалғайтын көпір іспеттес. Сонымен қатар, жас таланттар арманға ұмытылып, кәсіпқойлар өздерін шыңдайтын, халықаралық аренада елдің атын шығаратын платформа.


