Алматы соты Темірлан Еңсебектің апелляциялық шағымын қарайды

1161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/whatsapp-image-2025-01-19-at-09.46.03-960x500.jpeg?token=f9a3e1444a921bb6fced036b1a5c8c89
Алматы қалалық соты Qaznews24 сатиралық жаңалықтар жобасының негізін қалаушысы Темірлан Еңсебектің үкіміне қатысты апелляциялық шағымын қарайтын болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеме жасап. Шағым 27 мамыр күні сағат 15:40-та қаралады. Апелляциялық отырыс WhatsApp арқылы видеоқоңырау форматында өтпек. Істі үш судьядан тұратын алқа қарайды. Бірақ олардың есімдері қалалық сот төрағасының нұсқауымен жария етілмейтіні белгілі болды. Айта кетейік, 11 сәуір күні Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты Темірлан Еңсебекті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қоздыру) кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Сот шешімі бойынша Еңсебектің смартфоны мен ноутбугы мемлекет пайдасына тәркіленіп, құқық қорғау органдары оның электронды поштасы мен WhatsApp аккаунтына кіріп, құпиясөздерін өзгерткен. Соған қарамастан, апелляциялық тыңдау дәл сол WhatsApp арқылы жүргізілмек.
评论
其他材料