Қазақстанда ниқаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін

1109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_4755-960x500.jpeg?token=961e228e9c220b6e7f795f5cdf3718e2

Қазақстанда ниқаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл тіралы  мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақорда дәлізінде айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеп. 

«Жеке заң жоқ. Бұл мәселе ІІМ-нің заң жобасында қарастырылып жатыр. Онда қауіпсіздік мақсатында ниқаб киюге тыйым салу көзделген. Қазір ол мәжілісте талқыланып

жатыр. Білуімше, бірінші оқылым жақын арада өтеді», – деді Аида Балаева Ақорда дәлізінде.

Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім кию мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. 

Наурыз айында Атырауда Қазақстанның туына арабша жазу жазып суретке түскен никқабтағы қыздар полицияға жеткізілген еді.

评论
其他材料