Таразда «Теміржол-Антитеррор – 2019» оқу-жаттығуы өтті

3014
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/10/muha9513.jpeg-1.jpg
2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі. Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді. Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды. Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.
评论
其他材料