Жеті балалы отбасының мүшкіл халі жүректі ауыртады - журналист

1960
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/foto-gүlmira-әbiқaj-insta-paraқshasynan-960x500.jpg?token=1bfce2d15e264b6c55fd0ce41a1e542d
Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкент қаласында тұратын көмекке мұқтаж көпбалалы отбасы туралы жазба жариялап, қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, бұл отбасы туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлама алған. Хабарламаны оқыған соң, отбасының жағдайымен танысу үшін өзі барып қайтқан. Көрген көрініс жүрегін ауыртқанын жеткізді. «Гүлмира апай, бұлар да 7 бала. Ата-анасы бар болғанымен, жоққа тең. Көмектесейікші» деген смс келді. Бардым… жүрегім ауырды. Көрдім… енді естен кетпей жатыр", – деп жазды журналист. Журналист баяндағандай, отбасының 7 баласы бар, үлкені 10 жаста, кенжесі – 2-де. Балалардың ата-анасы – жарымжан. Әкесі Мансұр белінен жүре алмайды, бір құлағы естімейді. Анасы Зүлфияның да бір құлағы туабітті жоқ, қалқанша безінің ауруы асқынып, денсаулығы күрт нашарлаған. Отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алмайды, әкесіне мүгедектік берілмеген. "Мансұр 500 мың теңгеге несие алып, жер сатып алған. Времянка салып, үйін кеңейтіп жатқанда биіктен құлап, белін сындырған. Ота жасатпаса болмайды, бірақ оған шамамен 2 миллион теңге қажет. Ал оларда тіпті жеке құжатты жөндеуге де қаражат жоқ", – деді журналист. Гүлмира Әбіқай бұл отбасыға қатысты ешқандай сын айтпай, тек шын жаны ашыған жандарды көмек қолын созуға шақырды. Ол әсіресе, көпбалалы және денсаулығы нашар жандардың мемлекет тарапынан ескерусіз қалып жатқанына алаңдаушылық білдірді. "Ең құрмаса бастаған үйін аяқтасын. Балалардың нәсібіне бәлкім баспана бұйырар", – дейді журналист.
评论