Қытайда жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты

2890
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/0244d87962a74d02996516c846adf170-960x500.jpg?token=07c7fb83397ceda902b5ca5d406daca5
Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Уи уезінде орналасқан химиялық зауытта жарылыс болып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Xinhua агенттігіне сілтеп. Жарылыс 31 мамыр күні сағат 18:30 шамасында өндірістік цехтардың бірінде орын алған. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс контейнерді тазалау кезінде болған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жараланғандардың жағдайы тұрақты екені хабарланды. Қазіргі таңда оқиға орнындағы құтқару жұмыстары аяқталды. Жарылыс себептері анықталу үстінде. Тергеу амалдары басталып кетті.
评论
其他材料