Трамп тайқып, Маскты "жерге отырғызып" кетті

1962
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/133cdae5-6cdf-4ae6-a507-744e8b58cbe2-960x500.jpeg?token=ed19cb762dc8e87277df5a879ecc1204
Д.Трамп пен И.Маск қатты керісіп қалды. Себеп: бірінші екіншінің қолдауымен президент болды. Қаржы, медиа түрінде. Енді оның көмегіне алғыс айтатын мезет туғанда, Д.Трамп тайқып, И.Маскты "жерге отырғызып" кетті. Қалай? Елдің жаңа бюджетінде И.Маск жобаларына қажетті деңгейде қаражат қарастырылмаған. Бұған И.Маск шыдамай сын айтты. Д.Трамп жауап қатты. Екеуі сөзге келді. Жағдай ушықты. Әңгіме: кім көбірек ұтылды? Әрине, Д.Трамп. Себебі, оған қатысты түрлі жаңа фактілер, ұят нәрселердің басы ашылып қалды.
评论