Қазақстан Ресейді айналып өтетін тасымал жолына қосылды

803
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-8-960x500.jpeg?token=fb5f2e506153b2d994e0b469c43e4ce7
Грузияның Поти портында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызды бөлігі саналатын бірінші қазақстандық мультимодальды терминал жұмысын бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нысан Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия әрі қарай Еуропа елдерін жалғайтын Орта дәліздің бөлігіне айналды.

Терминалдың ашылу салтанатына Қазақстан, Грузия және Әзербайжан тараптарының ресми өкілдері қатысты.

«Poti Transterminal» АҚ бас директоры Олжас Арықбаевтың айтуынша, жоба Грузияның экологиялық, өрт және инженерлік қауіпсіздік талаптарына толық сай жүзеге асырылған.

Нысанға заманауи жабдықтар орнатылған. Олар: австриялық ричтакерлер мен сағатына 25 контейнер өңдейтін қытайлық крандар.

Терминалдың өткізу қабілеті бірінші кезеңде жылына 120 мың тоннаны құрайды. Болашақта бұл ауқым кеңеюі мүмкін.

Көлік министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлеповтың айтуынша, терминалдың іске қосылуы —Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалын арттыруда стратегиялық қадам.

«Өткен жылы біз 4,5 млн тонна жүк тасымалдадық, өсім 60% құрады. Алдағы үш жылда бөл көрсеткішті жылына 10 млн-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Поти терминалы Қытайдан еуропаға жөнелтілетін жүктердің негізгі бөлігін өңдеуге мүмкіндік береді»,—деді ол.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға артқан еді. 

Поти порты — Ресейді айналып өтетін транзиттік маршрут құрылысының маңызды буыны. 2024 жылы контейнер айналымы 545 297 TEU-ға жетті.

评论
其他材料