Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

1186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_0180-960x500.jpeg?token=52ece9c3bd79cd2f73c5d3dc7b036bc0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы бүгін, 10 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

评论