Кім күшті?

4414
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2016/01/0651459d51c8d7caee432e0f6f6be7a7.jpg

Ерте, ерте, ерте екен, 

Ешкі жүні бөрте екен, 

Қырғауылы қызыл екен. 

Қырғауылы қырқылдап, 
Жалтыр мұзға сыртылдап, 
Алшая келіп қоныпты, 
Шаты айрылыпы қалыпты. 
Қисая жатып қырғауыл Сонда мұздан сұрапты:
 - Мұз, мұз сен неден күшті болдың? 
- Мен күшті болсам бауырымды жаңбырға тестірмес едім.
 - Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың? 
- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім. 
- Жер, жер, сен неден күшті болдың? 
- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жұлдырмас едім.
 - Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың? 
- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлдыртпас едім. 
- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
 - Мен күшті болсам көк шұнақ қасқырға жұлқытпас едім.
 - Көк қасқыр, көк қасқыр, сен неден күшті болдың?
 - Мен күшті болсам, көк мылтыққа атқызбас па едім. 
- Көк мылтық, көк мылтық , сен неден күшті болдың?
 - Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
 - Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың? 
- Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
 - Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
 - Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, – деген екен құмырсқа.

 

 

评论
其他材料