Батыр Жүкембаев Лараны нокаутқа түсірді

5746
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/82353186_1452692921575565_8750864375176232960_n.jpg
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінің басты кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті. Кештің басты жекпе-жегінде Батыр мексикалық Рикардо Ларамен жұдырықтасты. 10 раундқа белгіленген кездесу, 2 раундта аяқталды. 28 жасар қазақстандық боксшы Жүкембаев қарсыласын сұлатып тастады. Бұл Батырдың спорттағы мансабындағы 18-ші жеңісі. Және 14-ші рет қарсыласын нокаутпен жеңді. Бастапқыда отандасымыз аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронға қарсы бокстасуы керек еді. Бірақ ол Канадаға виза ала алмағандықтан, Батыр басқа спортшымен шаршы алаң төрінде күш сынасты.
评论