Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жатқызылды

3511
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/images/default-cover.jpg
Жақындай Қытай елінен оралған Петропавл қаласының 4 тұрғыны коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Ерлі-зайыптылар дене қызуы көтеріліп жедел жәрдем қызметін шақырған. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми хабарлама таратты.
«Отбасы Тайландтан дене қызуы көтеріліп оралған. Ата-анасы мен екі бала коронавирус жұқтырды деген күдікпен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сараптама көрсеткіштері коронавирус жұқпасын растаған жоқ. Аталған бейнежазбада медицина қызметкерлері тиісті алгоритмге сәйкес жұмыс істеді», - делінген құзырлы мекеме таратқан ақпаратта. https://youtu.be/0WDaaFE9ddA
评论
其他材料