Ашғабадта екі адамға коронавирус жұққан

4739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/07f50c47-a465-4e92-8f92-b154926ac679_w1023_r1_s.jpg

Түркіменстанның медицина саласындағы дереккөз елде кемінде екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, қазір Ашғабад шетіндегі ауруханада емделіп жатқанын айтты, деп жазады centralasian.org.

Дереккөздің айтуынша, оларға COVID-19 диагнозы он күн бұрын қойған. Әзірге науқастардың шетелден не елде жұқтырғаны белгісіз. Бірақ жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу орталығының қызметкері елде коронавирус жұқтырғандардың анықталғаны туралы мәліметті теріске шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешқандай коронавирус жоқ. Бізде тек карантинде алынған адамдар бар»,- деді ол. Түркіменстан билігі биыл 25 ақпанда ғана коронавирус туралы бірінші рет айтып, елде бұл вирусты жұқтырғандар жоқ деді. Оған дейін мемлекеттік БАҚ бұл тақырып жөнінде тіс жармай, коронавирустың әлемде жайылып жатқаны туралы мәлімет бермей келген.
评论