Трамп АҚШ-та төтенше жағдай режимін жариялады

2458
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/bez-nazvaniya-1-1.jpg
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жаңа коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайдың жалпыұлттық режимін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. "Мен ресми түрде ТЖ режимін жариялаймын", - деді ол.
Трамп бұл жағдай вируспен күресуге "50 миллиард долларға дейін" бөлуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
АҚШ президенті әкімшіліктің жеке сектормен "коронавирусқа тест өткізу мүмкіндіктерін күшейту үшін" белсенді қарым-қатынас орната бастайтынын хабарлады. "Біз ешқандай ресурсты аямаймыз, мүлде ешқайсын", - деді Трамп. ТЖ режимін жариялау бірінші кезекте әкімшілікке барлық штаттар бойынша аурумен күресу үшін қажетті ресурстарды жедел бөлуге мүмкіндік береді. Бұған дейін ТЖ режимі кей штатта енгізілген.
评论
其他材料