Еліміздегі сауда орындарының жұмыс тәртібі белгіленді

3971
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/eecc0d37eaa4864bb79836e354d49f66.jpg
Коронавирустық пандемияға байланысты Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ұсыныстар жасады. Бұл туралы  zakon.kz  хабарлайды. ҚР Президентінің COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізу туралы жарлығын орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мыналарды ұсынады: 1. Ірі сауда объектілерінің жұмысын сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін шектей отырып, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілсін; сауда орындарының аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген басқа ойын-сауық орындары жабық болуы керек; азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, әдеттегідей жұмысын жалғастыруы керек; нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек қаптамалы түрде сату керек. 2. Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысы таңертеңгі сағат 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін шектеу қойылсын. Біз санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстар туралы тағы қосымша хабарлайтын боламыз.
评论