АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды

3091
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/images/default-cover.jpg
АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Бір күн ішінде 112 адам инфекциядан қайтыс болды. Елде вирусты жұқтырғандар саны 32 мың адамға жетті. Осылайша АҚШ вирус көп табылған әлемдегі үшінші мемлекетке айналды. Нью-Йорк, Вашингтон және Калифорния тұрғындарынан вирус көп табылып жатыр. Эпидемия басталған уақыттан бері елде 400-ден астам адам көз жұмған. Президент Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс те тестен өткен. Олардан вирус табылмады. Коронавирус сенатор Рэнд Полд мен екі конгрессменнен анықталды. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) короонавирусты 45 минуттың ішінде анықтайтын алғашқы жылдам тестті мақұлдаған.
评论
其他材料