Нығматуллин 65 жастан асқан депутаттарға үйде отыруды ұсынды

2567
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/aaa3-960x500.jpeg?token=fb42e91b8256ae737753943a359a6cad
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин коронавирустың салдарынан төтенше жағдай кезінде мәжіліс жұмысының жаңа форматын түсіндірді. "Бүгінгі пленарлық отырыс бірнеше өзгертілген форматта өтуде. Кейбір әріптестеріміз бүгінгі отырысқа қатыспайды. Бірақ уайымдамаңыздар олардың барлығының дені сау. Жай ғана біздің 65 жастан асқан әріптестеріміз ДДҰ ұсыныстарына сәйкес  пленарлық отырыстарға қатыспайды. Оларға біз үйде қалуды ұсындық", - деді Нығматулин. Айта кету керек, барлық депутаттар Мәжіліс отырысына бетперде киіп, бір-бірінен алшақ отыр.
评论