Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр

2935
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/ka.jpeg
Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты. "Біз ауру жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатырмыз. Дәрежесі 100 мың тұрғынға 7 адамнан келеді. Осыған байланысты толық масштабта скрининг бастап жатырмыз, бұл скринингтен әсіресе елді мекендердің тұрмысын қамту мен жұқтыру қаупі жоғары қызметке тартылғандар өтеді. 20 сәуірге дейін белсенді түрде тестілеу өткіземіз", - деді Ақтаева брифингте.
"Мұнымен қатар, медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге өтеді, мұнда әрбір науқас жұқтырған деген күдікті ретінде қаралады, сондықтан дәрігерлер жеке қорғаныш құралдарымен ғана көмек көрсетеді", - деді ол. Ақтаеваның айтуынша, медұйым жетекшілері персоналды қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуі керек, себебі олардың өміріне жауапты. "Дәрігерлерді науқастармен жұмыста сақ болуға шақырамыз, барлық қауіпсіздік шарасын сақтау керек", - деді вице-министр.
评论