Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 адам үйіне шығарылады

2484
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/whatsapp-image-2020-04-17-at-14.07.09.jpeg
Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді. Дертінен сауыққандар - 2 бала, олардың біреуі - 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі - ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған. Айта кетейік, ауруынан сауығып шыққан науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді. Осыған байланысты Шымкентте карантин 3 ошақтан алынады. Олар: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.

Шымкент 

评论