Алматы облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 80-нен асты

2776
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/445d705a-a387-463f-8532-5871cf3c2eee_w1080_h608_s-960x500.jpg?token=ed16620df7a09a1f7e558174ab8c055b
Бүгін Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы "Адырна" Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Індетке шалдыққандардың  9-ы Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы. Ауру жұқтырғандардың  ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, оларға вирусологиялық зерттеу жүргізілуде. Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86-ға жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

 
评论
其他材料