Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 201-ге жетті

2621
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/test-960x500.png?token=930256e5a939f0807ed6b4f17e37cedb
Алматы облысында бүгін коронавирустың 10 жағдайы тіркелді, олардың 6-уы – Талдықорған қаласында, 2-еуі – Кеген, 2-еуі Талғар аудандарында анықталған. Барлық 10 пациент те белсенді анықталған, оның 8-і - бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болғандар, ал 2-еуінің сырқаты медициналық көмекке жүгіну барысында белгілі болған. ПЦР-талдауының нәтижесі бойынша пациенттердің COVID-19 жұқтырғаны расталды. Сырқаттары анықталғанға дейін-ақ оқшауландырылған пациенттер қазір жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Науқастармен байланыста болғандар анықталу үстінде, олар да оқшауландырылып, КВИ-ге зертханалық тексеруден өткізіледі. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда. 16 мамырдағы жағдай бойынша, Алматы облысында КВИ жұқтырғандар саны 201-ге жетті. Айта кетсек, Кеше Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Олардың алды 48 жаста болса, ең кішісі - 1 жасар сəби.  

Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі 

评论
其他材料