Теңіз кенішіндегі короновирус жұқтырғандар саны 963 адамға жетті

3471
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/teiz.jpg
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырушылар 14-ке артып, барлығы   963 адамға жетті. «Барлық 14 адам мердігер компаниялардың қызметкерлері. Олардан індет байланыста болғандар ретінде скрининг жасалған соң анықталған», – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігі. Инфекцияға шалдыққандардың 256-сы сауығып, ауруханадан шығарылған. Атырау облысындағы 2 маусым күнгі статистика бойынша 1 119 адам COVID-19 жұқтырған. Олардың 333 айығып, стационардан шығарылды. Бұған дейін «Теңізшевройл» ЖШС нысандарында оқшаулау шаралары 12 маусымға дейін ұзартылғаны хабарланған. Сонымен қатар компанияның 18,5 мың қызметкері өндіріс орынан шығарылған.

Атырау облысы

评论
其他材料