Қазақстан қыркүйек айында вакцинаны адам ағзасында сынап көреді

5029
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/dfrwbyf.png
Қазақстандағы биотехнологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми зерттеу институты коронавирустық инфекцияға қарсы үш платформада 5 түрлі вакцина әзірлеп жатыр. Бұл туралы жұмадағы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті деп хабарлайды "Азаттық рухы".
«Біріншісі – инактивацияланған вакцинация. Ол химиялық заттар әсерінен бейтараптанған вирустарға негізделген. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тексеріп, өз тізіміне енгізді. Екіншісі – рекомбинатты суббірлікті вакциналар, үшіншісі – рекомбинатты векторлық платформа негізіндегі вакцина», - деді министр. Оның сөзінше, қазіргі сынақтар «сәтті өтіп жатыр». 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцина тышқандарға егіліп, қауіпсіздігі мен иммуногендігі тексерілген. «10-23 маусым аралығында вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. Маусым-шілде айларында жануарларға – приматтарға егіліп, әрі қарай вакцинаның иммуногендігі зерттеліп, қыркүйек айында клиникалық зерттеуге көшу жоспарда бар», - деді Аймағамбетов өз баяндамасында.
评论
其他材料