Белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден озды

3883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/darhan.jpg
Белгілі актер Дархан Дайырбектің қайғылы хабарын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының парақшасы жеткізді.
"Індет-тажал, дерт Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, кино актер -- ДАРХАН ДАЙЫРБЕКТІ де арамыздан жұлып әкетті. ⠀ ...Айтуға сөз жетпейді, қабырғамыз қайысып отыр. ⠀ 1994 ж. Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын Н.Жақыпбайдың шеберлік класынан бітіріп, сол жылдан еңбек жолын осы, біздің театрдан бастаған; Елге дара талантымен: "Күлкі керуені", "Терісқақпай" әзіл-сықақ театрлары арқылы танылған, апталдай азамат, жарқыраған жақсы адам, дархан көңілді ДАРХАНымыз еді... Амал нешік... Бақұл болыңыз!", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料