Қазақстандықтар 5 300 теңгеден көмек алады

3637
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/924172ab-ca62-4981-a02f-8933429778f1.jpeg
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үстіміздегі жылдың шілде айына азық-түлік пен тұрмыстық заттар орынына қаражат қарастырылғанын мәлімдеді. Қазақстандықтар 20-шілдеден бастап айдың аяғына дейін 5 300 теңгеден ақша алады. Бұл көмек 5-ші әлеуметтік топқа жататын азаматтарға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мәліметтерге сүйене отырып көмекке мұқтаж азаматтар тізімін жасайды. Содан соң олардың банк картасына 2АЕК көлеміндегі қаражат жіберіледі. 5-ші әлеуметтік топқа келесі санаттағы азаматтар кіреді: - атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар; - 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар; - І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар; - мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отқан ата-аналар; - жергілікті жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азаматтар. Адамдармен қарым-қатынасты азайту мақсатында азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығын қаражат ретінде тағайындау туралы шешім қабылданған. Наурыз айынан мамыр айына дейін 1 миллион адамға 13,5 миллиард теңге қаражат жіберілді. Еске сала кетейік, 14-шілде күні Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығының орынына қаржылай көмек беруді тапсырған.

BAİRAQ.KZ

评论
其他材料