Миллионер ана болу оңай емес, себебі отбасы мен бизнесті қатар алып жүру әркімнің қолынан келе бермейді. Назарларыңызға өмірдің сынақтарына төтеп бере білген миллионер әрі көпбалалы ана Дени Джонсонның бала тәрбиесіндегі 6 ұстанымын ұсынамыз.
Дени Джонсон:
Балаларды мақсатты түрде тәрбиелеу
- Байлар болашақ Гарвард түлектерін, дәрігерлерді не келешек президенттерді тәрбиелейді. Әлеуметтік жағдайы орташа отбасылар «Мүмкін баламның жолы болып кетер» деген оймен ғана тәлім береді.
- Бүгінде қарапайым баланың «жан досы» кім ? Әсте, теледидар, мобильді телефон және компьютер. Дени Джонсонның балалары алғашқы телефондарына 16 жасында ғана қол жеткізді, ал теледидар үйде мүлдем болмапты.
- Демалыс күндері жақындағанда балаларыңыз қандай сөздер естейді? «Алақай, ертең жұма», «Енді бұл жұмыстан демалатын болдым», «Менің бастығым шошқа секілді, ал жұмысым мүлдем ұнамайды». Осындай сөздерді естіген бала қалай мықты жұмыскер, еңбекқор қызметкер болады?!
- Мен балама аяқ киім сатып алу үшін 50 доллар беремін. Ол ақшаға керемет аяқ киім сатып ала алмайсыз. Егер балам қымбат дүниені қаласа «Өзің ақша тап немесе жаппай сатылымды күт» деймін.
- Ақшаны жұмсаудың екі жолы бар: керек емес дүниелерді сатып алу арқылы немесе балаларды ақшаны жинауға, табуға үйрету.
- Табысты адамдардың басым бөлігі қолының ашықтығымен ерекшеленеді. Олар жомарт жандар. Балаңызды адамдарды сыйлай білуге үйретіңіз.
Диана АСАНОВА,
«Адырна» ұлттық порталы