Қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцинасы клиникалық сынаққа жіберілді

2266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/korona-960x500.jpg?token=0aeb1a0079ef174df69708cbdb6dc0ff
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСҰ сайтына сілтеме жасап. Деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын кестеден көруге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.
评论
其他材料