Ресей Жапониядан жеңілген күн

4530
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/7f9a3a71-48bb-406b-a50f-25b40c41a592.jpeg
Ғажап күн. Тұп-тура 115 жыл бұрын 5 қыркүйекте Ресей империясы Жапонияның алдында тізе бүгіп, жеңілгенін мойындап, “Портсмут” келісіміне қол қойды. Капитуляцияны қабылдау АҚШ-тың Портсмут қаласында өтті. 1904-1905 жылғы орыс-жапон соғысы осылайша аяқталды. Цусимада Ресей империясының флотын талқандап, 5 мың адамы мен ондаған кемесін жойып жібергеннен кейін-ақ Ресейдің жеңілері анық болды. Сонымен келісім бойынша Ресей империясы мен Жапония достық келісім жасасты. Ресей Қытаймен бірге жасасқан келісімдердің көзін жоюға мәжбүр болды. Келісім бойынша Ресей-Қытай одағы Жапонияға шабуыл жасауға тиіс болатын. Ресей Оңтүстік Сахалинді Жапонияға берді. Порт-Артур мен Талиенді де Токио алды. Ресей империясы Жапонияға Чан-чунь мен Порт-Артур арасын жалғап жатқан теміржолды беруге мәжбүр болды. Ресей өз шекарасында жапон балықшыларының балық аулауына көнді. Осылайша соғысты Жапония өз пайдасына жеңіспен аяқтады. Банзай!  

Асхат Қасенғали

Facebook парақшасынан алынды

评论