Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын болжады

2495
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/gejts1569315900_bill-gejts-4.jpg
Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс COVID-19 пандемиясы қашан аяқталады деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды РИА Новости. "Жақсы болжам айтсақ, 2022 жылға қарай пандемия аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл проблеманы әлемдік масштабта алып қарасақ, 2021 жылы біз ауру жұқтырғандардың санын азайтуымыз керек", - деді Гейтс Fox News басылымына сұхбатында. Еске салайық, Гейтс коронавируспен күрес үшін 650 миллион доллар бөлді. Бұл - дүние жүзі бойынша мұндай мақсатқа қаржы бөлген ірі қайырымдылық.      
评论