Тележурналистер арасында үздік журналистік зерттеуге арналған республикалық байқау

3368
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/41dcf55a-5f06-4781-8f64-9f1745053ca6.jpeg
✅ «AQTÓBE» телеарнасының құрылғанына – 60 жыл. Мерейтой қарсаңында облыстық арна Үздік журналистік зерттеуге арналған тележурналистер арасында «Індет пен міндет» тақырыбында республикалық конкурс өткізеді. Материалдар 20 қыркүйек - 25 қазан аралығында қабылданады. ✅ Конкурстың мақсаты «журналистік зерттеу» жанрын кеңінен таныту, халықтың індет қауіпі туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Конкурсқа 1 сәуір мен 25 қазан аралығында ұжымдардың әрі жеке авторлардың телеарналарда қазақ тілінде жарияланған материалдары қабылданады. ✅ Жүлде қоры Гран-при – 200 000 теңге І орын – 150 000 теңге ІІ орын – 100 000 теңге ІІІ орын – 70 000 теңге Сонымен бірге ынталандыру сыйлықтары беріледі. ✅ Байқау шарттары мен ережесі телеарнаның www.aktobetv.kz сайтында жарияланды Анықтама телефондары: 8 (7132) 22-11-44, +7 771 996 50 06 және kazakhstan.aktobetv@gmail.com поштасына жолдай аласыз! ✅ Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «AQTÓBE» телеарнасының 60 жылдық мерейтойында 28 -29 қазанда өтеді.
评论
其他材料