Шымкент: карантин кезінде 8 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді

2029
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/71df9324-22a0-4f38-84aa-47d8a86f14b7.jpeg
Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты. «Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды» -деді. Мониторинг жүргізілген нысандар қатарында 4548-і тағам нысандары болса, 3844 - коммуналдық нысандар. Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады: - карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың, сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы; - қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тыс жұмыс жасауы; - қызметкерлердің, жұмысшылардың, тұрғындардың бетперде режимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

评论
其他材料