Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі ауысты

4030
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/f8f0ad85-1ec8-44ca-8ac6-389016b7eee6.jpeg
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген. 2001-2003 жж. — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі. 2003-2005 жж. — ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі. 2005 ж. — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2005-2007 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі. 2007-2008 жж. — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі. 2008-2016 жж. — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2016-2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2020 ж. — «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты. 2020 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料