Шымкент: Орман тұқымдығында көктемге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

2273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/219cd84c-9a63-40b9-9778-e3a35436dde3.jpeg
Шымкент қаласында жасыл алқаптарды көктемге дайындау жұмыстары жүруде. Қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Жасыл белдеу" КММ-нің қызметкерлері қала аумағынан боз арша және акация ағашының тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізді. Онымен қоса гледичия ағашының тұқымдарын себуге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 8,2 гектар аумақтағы орман тұқымбағында себуге дайын болған тұқымдарды себу үшін жер дайындалуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

评论
其他材料